RU
Толық нұсқаға өту
фото: dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

29.05.2026, 14:45 71

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears сүйікті өнерпаздарының туған күніне тарту ретінде ормандарды қалпына келтіру бағытындағы бастамаларға қатысты, деп хабарлайды «24KZ».

Димаштың La Era Dimash және Dimash Argentina фан-клубтары бірігіп, 24 мамыр күні Димаштың 32 жасқа толған туған күніне сәйкес 32 ағаш отырғызуға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қазақстандық өнерпаздың «Together for Dimash» стримингтік тобының жанкүйерлері Халықаралық көші-қон ұйымы – БҰҰ-ның көші-қон агенттігінің қорына 1097 доллар көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл игі бастама Димаш Құдайбергеннің Жаһандық ізгі ниет елшісі ретіндегі қызметіне құрмет білдіру мақсатында жүзеге асырылып, жанкүйерлер қашықтыққа қарамастан өнерпаздың көпшілікті біріктіретін рухани күшке ие екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Аргентина, Уругвай және Мексика елдеріндегі топ мүшелері Коррентосо өзені маңындағы ормандарды қалпына келтіру мақсатында «Патагония достары» қауымдастығына 82 ағаш сыйға тартты. Бұл науқан маусым айы бойы жалғасады.

«Димаш өз әндері арқылы бізге шексіз махаббатын сыйлайды, ал біз оған қайырымдылық жасап, көмекке мұқтаж жандарды қолдау арқылы жауап береміз. Біз Димашқа деген сүйіспеншілігімізді ізгі істер арқылы көрсетеміз», – деп алыс құрлықтағы жанкүйерлері жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz