RU
Толық нұсқаға өту

Иран Ормуз бұғазындағы кемелерді атқылады

29.05.2026, 18:00 103

Иранның қарулы күштері Ормуз бұғазынан рұқсатсыз өтпек болған 4 кемені тоқтату үшін зымыран атқылады.

Парсы ақпарат құралдарының хабарлауынша, снарядтар нысанаға дәл тимей, тек ескерту ретінде ғана атылған. Әзірге ресми Тегеран ешқандай түсініктеме берген жоқ. Осының алдында өз дереккөздеріне сілтеме жасаған "Фарс" агенттігі "Иран әскері Парсы шығанағындағы кемелерді зымыранмен атқылады" деп жазды. Бірақ операцияның ауқымы және нақты қай жерлерде іске асқандығы туралы ашық айтылмай отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz