Израиль кейінгі 24 сағат ішінде Ливандағы «Хезболла» қозғалысының 135 нысанын атқылады. Құрлық әскері Литани өзенін кешіп өтіп, буферлі аймақтан асып түскен.
Израиль әскері Иранның «Құдыс» қарулы күштерімен байланысы бар «Имам Хуссейн» бригадасындағы зымыран күштерінің қолбасшысы Әли Әл-Хуссейнидің көзін жоюды мақсат еткен. Бұл тапсырманың қаншалықты орындалғаны әзірге белгісіз. Израиль қарулы күштерінің ресми өкілі Эфи Дефрин «Хезболла» сарбаздарының үштен бірі өлтірілгенін мәлімдеді. Ал «Хезболла» Ливандағы Израиль әскерінің бірнеше сарбазы мен көлігін атқылағанын хабарлаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #ХезболлаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz