RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті

30.05.2026, 13:13 37

АҚШ Иранның мұнай секторына қарсы санкцияларды күшейтті.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады. Жаңа шектеулер Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Гонконг, Сингапур, Үндістан, Қытай және Маршалл аралдары аумағында тіркелген компанияларға қатысты. Санкция тізіміне тағы сегіз кеме мен Үндістанның бір азаматы енгізілді. Ресми Вашингтон бұл шаралар Иранның «көлеңкелі флотына» қарсы бағытталғанын атап өтті. АҚШ тарапы мұндай операциялардан түсетін табыс Тегеран билігі мен әскери секторын қаржыландыруға жұмсалады деп отыр. Әзірге тараптар арасында келіссөз жалғасып жатыр. Бірақ сарапшылар Иран мен АҚШ-тың түпкілікті келісімге келуі өте қиын екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz