RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп Иранға қойған шартын жариялады

30.05.2026, 19:57 23

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қойылатын шартты жариялады. 

Ол «Трус Соушал» әлеуметтік желісінде Тегеранның ядролық қарудан толықтай бас тартуы, Ормуз бұғазын дереу ашуы және теңізде қалған миналарды тазартуы қажет екенін мәлімдеді.

Ақ үй басшысы бұл талаптар орындалған жағдайда ғана Вашингтон теңіз блокадасын алып тастауға дайын екенін жазды. Сонымен қатар байытылған уран қорын жою қажеттігін де атап өтті. Иранның «Фарс» агенттігі аталған талаптар келіссөз құжатының мәтінінде көрсетілмегенін жазды. Тегеран бұғатталған 12 миллиард доллар көлеміндегі активтерін босатуды талап етіп отыр. Иран билігі бұл талап орындалмайынша келіссөздің келесі кезеңіне өтпейтінін мәлімдеген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz