Қытайда тағы жер сілкінді.
Бұл жолы дүмпу көрші елдің солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Магнитудасы 5-ке дейін жетті. Бұл туралы Қытайдың ұлттық сейсмикалық орталығы жариялады. Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданын теңсеген зілзала жергілікті құтқарушыларды тік тұрғызды. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы ақпарат тіркелмеген.
Тегтер #Қытай #жер сілкінді #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz