RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда қазақ қолөнерінің өнімдеріне сұраныс көбейді

31.05.2026, 21:36 36

Кейінгі кезде Өзбекстанда қазақ қолөнершілерінің өніміне сұраныс артты.

Шеберлер мұның себебін ұлттық киімдердің әлемде кеңінен насихатталуымен түсіндіреді. Бұл Өзбекстандағы қазақ қолөнершілерінің кәсібін дөңгелетуіне сеп болып отыр.

Айнұр Матова - он саусағынан өнер тамған шебер. Қазақтың ұлттық бұйымдарын дамытуға атсалысып жүр. Оюлы құрақ көрпешелер, той жасауы мен қазақы нақыштағы киімдер тігеді. Шебердің айтуынша, бұл өнерді ол анасынан үйренген.

Айнұр Матова, қолөнер шебері:

- Өзбекстанда тұрғанымызбен қазақи салт-дәстүрді сақтаймыз. Барлық той-томалақтарға арналған жорылғыларды жасаймын. Бұл дәстүрді сақтау бізге міндет.

«Еңбек бәрін де жеңбек» деген ұранды берік ұстанған шебер, дәл осы тігіншілік өнерінің арқасында шағын кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр.

Қалбі Оспанова, зейнеткер:

- Мен осыларға көрсетіп тұрамын. Мыналарың болады, болмайды деп. Осы қызым жасайды. Немерелерім де тігеді.

Ташкент облысында қазақ ауылдары аз емес. Мұндағы ағайын салт-дәстүрді берік ұстанады. Үлкендер жағы өскелең ұрпақты әрдайым ұлттық құндылықтармен сусындатып келеді.

Серікбай Үсенов, қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

- Ертеңгі жас ұрпаққа мұғалімдер, қазақ тілі әдебиеті пәнін оқытатын маман даярлау мақсатымыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Жастар тәрбиесінде не кемшілігі болса, біз соларды орнын толтыруға мүмкіншілік жасалған.

Өзбекстанда қазақ қолөнершілерінің қалыптасқан мектебі бар. Қандастар үшін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік дәстүрді жалғастыру – басты мұрат. 

Дулат Нуркин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz