RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Ливандағы Бофор қамалын жаулады

01.06.2026, 07:19 44

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі стратегиялық маңызы жоғары Бофор қамалын басып алды. 

Крест жорығы дәуірінде салынған бекініс биікте орналасқан. Бұл жотадағы Литани өзенінен 2006 жылдан бері әскер өтпеген. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац операцияны маңызды тактикалық жетістік деп бағалады. Енді АҚШ-тың қолдауына үміт артып отыр. Израиль шенеуніктері Ақ үйден Бейрутке соққыны күшейтуге рұқсат сұраған. Айта кетейік, 2 наурыздан бері Ливанда 3300-ден астам адам қаза тапты. Бір миллион жуық тұрғын босқынға айналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz