RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады  

01.06.2026, 09:45 41

АҚШ пен Иран келіссөзінің тығырыққа тірелуі мұнай бағасына әсер етті. 

«Блумберг» басылымының дерегі бойынша, Brent маркалы қара алтынның құны барреліне 93 долларға дейін өсті. Ал америкалық WTI 89 долларға дейін көтерілді. Жалпы өсім 2 пайыздан асты. Вашингтон мен Тегеранның ортақ мәмілеге келетін түрі көрінбейді. Қазір Таяу Шығыстағы ахуал ушығуы мүмкін деген қауіп басым. Өткен аптада Пентагонның Кувейттегі әуе базасы шабуылға ұшырады. 4 америкалық әскери жараланды. Бұл арада Израиль Ливанға соққыны күшейтті. Президент Дональд Трамп Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізді. Алайда Иранмен арадағы келісім бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ. Сондай-ақ мамырда Қытайда өндіріс көрсеткіштері баяулады. Сарапшылар бұл мұнайға деген сұранысты азайтады деп санайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz