Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді. Қазір 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды. Бұл туралы елдің басты қоғамдық телерадио компаниясы хабарлады.
Мамандар "Джангми" деп аталатын тропикалық тайфун салдарынан нөсер құйып, дүлей жел тұрады деп болжап отыр. Окинава аралында жел сағатына 160 шақырымға дейін соғуы ықтимал. Синоптиктер кейін тайфун бағытын солтүстік-шығысқа бұрып, Кюсю мен Сикоку аралдарына, сондай-ақ ел астанасы Токиоға да әсер етуі мүмкін деп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #әуе рейстеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz