Қытайда жаздың алғашқы күні қар жауды. Ерекше табиғи құбылыс Ішкі Монғолия аймағында тіркелді. Ақ ұлпа Алуншань, Мангуй, Цзиньхэ уездерін басып қалған.
Мезгілсіз жауған қар жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Көлік қозғалысы шектеліп, кейбір елдімекендерге барыс-келіс үзілген. Жасыл желек, көктемде себілген егін қатқақ қар астында қалды. Синоптиктердің айтуынша, мұндай жағдай бұл маңда өте сирек кездесетін құбылыс. Әдетте бұл мезгілде күн ысып, орман өрті жиілейді екен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #қар жауды #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz