RU
Толық нұсқаға өту

Financial Times: Смартфон бала тууды шектейді

02.06.2026, 07:38 42

Әлем елдерінің үштен екісіндегі жағдай бұл. 

Financial Times басылымының зерттеуі осылай дейді. 

Алдымен кең жолақты мобильді интернетке ерте қосылған елдерде әйелдердің құрсақ көтеруі ауырлай бастаған. Сондықтан ғалымдар ең әуелі смартфон дертімен күресуге шақырады. 

Қазір екінің бірі смартфон ұстайды. Мұның қоғамға пайдасы болғанымен қаупі де орасан. Бала туу көрсеткіші кең жолақты "4ДЖИ" мобильді интернет желісі тартылған аймақтарда бірінші болып азайғанын американдық ғалымдар дәлелдеді. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Австралияда 2007, Франция мен Польшада 2009, Мексика, Марокко және Индонезияда 2012, ал Гана Нигерия және Сенегалда 2015 жылдардан бастап демографиялық өсім бәсеңдей бастайды. Ал дәл осы кезеңдерде бұл елдер жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен қамтылған еді. 

ЦИТАТА: 

Мелисса Кирни,  Нотр-Дам университетінің профессоры:

Заманауи цифрлық медиа орта көпшіліктің санасына теріс әсер етті. Қазір адамдар бір-бірімен көп сөйлеспейді. Мәселен, 20 жылда Оңтүстік Кореяда жастардың бір-бірімен араласуы 2 есе азайды.

Бұрын демографтар жастар бала сүюге асықпайды деп дабыл қағатын. Ал қазір бала туу тұрмақ, отбасын құруға құштарлық танытып тұрғандар аз. Яғни қазір көпшілік жалғыз болсам, жаным тыныш деп санайды. Мұның ең бірінші себебі смартфон мен интернетке тәуелділік және ондағы ақпараттардың әсері, - дейді демографтар. 

ЦИТАТА: 

Лайман Стоун, демограф

Болашақ жарын табу үшін  бойжеткен көпшілікпен араласуы керек. Ешкіммен хабарласпай, өзімен-өзі өмір сүретін адамға өмірлік серігін табу қиын. Тіпті кейбірі ойындағы адамды мүлде кездестірмеуі де мүмкін. Ең қауіптісі, смартфондағы әлемді шынайы өмірден артық көретіндердің болашақ жарына деген талабы әлеуметтік желі қалыптастырған жасанды стандарттарға сүйенеді.

Оңтүстік Азияның кей елдері әйелдер үшін интернетті шектеп тастады. Ғалымдар осы  себепті бұл аймақта кәрі қыздар мен сүрбойдақтар аз екенін айтады. Жалпы технологияның бала тууға теріс әсері 2000-жылдардын басынан белгілі. 2001 жылы зерттеушілер Роберт Хорник пен Эмиль Маканани теледидар көп қарайтын ерлі-зайыптылар бала сүюге асықпайтынын дәлелдеген. Ал қазір адамдар көк жәшіктен гөрі смартфонға көп шұқшияды. Енді бұлай кете берсе, жалғыздық әдеттегі құбылысқа айналады. Сонда қайтпек керек? Демографтар адамдардың көпшілік ортадан саяқ жүруіне алаңдайды. Сол себепті  қоғамға мәдени өзгерістер қажет, деп санайды.

Зайнұр Байжігіт

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz