RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда жалғызбасты қарттар көбейді

02.06.2026, 08:13 46

Қытайда егде адамдар көбейіп барады.

Қазір мұнда жасы 60-тан асқан қарттардың саны 323 миллионнан асты. Оның 130 миллионға жуығы жалғызбасты. Демографиялық дағдарыс «Бір отбасыға бір бала» саясатынан кейін өткір сезіле бастаған. Енді кәрілерге күтім жасайтын маман да тапшы. Жастар бұған екібастан құлықсыз. Енді амал - роботтар. Қытай жасанды интеллектіге негізделген құлтемірдің түр-түрін шығара бастады. Роботтар қарттар зеріксе көңілін көтереді, сөйлеседі, жүріп тұруға жәрдемдеседі. Тіпті ем-домын да жасайды. 

Лю Наньцунь, Қытайдың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясының бөлім меңгерушісі:

- Робот пен адамның қауіпсіз қарым-қатынасына ерекше мән берілген. Олар күнделікті өмірде қарттардың сенімді серігі әрі ермегіне айналып отыр. Денсаулығын тексеріп, қан қысымын өлшей береді. Қазір сапасын арттырып, жетілдіруге ден қойылып жатыр. Сұраныс та өскен. Биыл қарт адамдардың күтіміне бағытталған роботтар нарығы 1,47 млрд АҚШ долларға жетеді деген болжам бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz