RU
Толық нұсқаға өту

Иран Ормуздан 24 кеме өткізді

02.06.2026, 23:15 35

Ормуз бұғазынан кейінгі 24 сағат ішінде 24 кеме өтті. Бұл туралы Иранның Ислам төңкерісі сақшылары корпусының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі жариялаған. 

Кемелер ресми Тегеранның рұқсатын алып, оларды Иран әскери-теңіз күштері алып жүрді. Әзірге олардың қай елге тиесілі екенін хабарланған жоқ. Айта кетейік, Ислам республикасы АҚШ пен Израиль бірлескен шабуылдарын бастаған 28 ақпаннан бастап Ормуз бұғазындағы су жолын жауып, кеме қатынасын толық бақылауына алды. Содан бері тек Тегеранмен уағдаласқан кемелерді ғана ара-кідік өткізіп тұрады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz