Польша билігі балалардың мектептерде смартфон ұстауын шектейді.
Жаңа ережеге сәйкес, мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары оқушыларға смартфон, планшет және өзге де электронды құрылғыларды пайдалануға тыйым сала алады. Бұл талап сабақ кезінде ғана емес, үзіліс уақытында да қолданылады. Зерттеуге сәйкес телефонға телмірген балалардың психикалық дамуында кері әсерлер анықталған. Құрылғыға жиі байланатын жеткіншектер жиі күйзеліске ұшырап, агрессивті мінез танытады, ұйқысы бұзылады. Бұған дейін Нидерланд, Оңтүстік Корея және Италия да мектептерде смартфон қолдануға шектеу енгізген.
Дональд Туск, Польша Премьер-министрі:
- Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарға тәуелділігі күшейіп барады. Бұл олардың өміріне де, қоғамның болашағына да кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай қауіптердің алдын алу маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Польша #смартфон #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz