Жасанды интеллектке негізделген ChatGPT сервисін ай сайын пайдаланатындар саны 1 миллиардтан асты.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Сарапшылардың бағалауынша, платформа бұл көрсеткішке іске қосылғаннан кейін шамамен үш жылда жеткен. Осылайша сервис қолданушылар санын арттыру жағынан YouTube, TikTok және Google Maps секілді бірқатар ірі цифрлық платформаларды басып озды. Мамандар мұндай өсім жасанды интеллект технологияларына сұраныстың артуынан туындағанын айтады.
Тегтер #ChatGPT #миллиард #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz