АҚШ-тың Өкілдері палатасы президент Дональд Трампқа Конгрестің келісімінсіз Иранмен соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылдады.
Мұндай құжат алғаш рет мақұлданған. Оны 215 конгресмен жақтап, 208-і қарсы дауыс берді. Бастаманы демократтармен бірге 4 республикалық қолдаған. Осының арқасында қарар қабылданып кетті. Жалпы сарапшылар Ирандағы соғыс Трамптың партия-астарының арасында да қарсылыққа тап болып жатқанын айтады. Қарулы қақтығысқа тыйым салу туралы құжат алғаш наурызда ұсынылып, содан бері 3 рет өтпей қалған болатын.
Тегтер #АҚШ #Трамп #құжат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz