Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні Бейжіңде де аталып өтті. Іс-шара көрші елдің астанасындағы мәдениет орталықта ұйымдастырылды.
Оған Қытайда білім алып жүрген жастар мен студенттер қауымдастығының өкілдері қатысты. Басқосу барысында мемлекеттік нышандардың шығу тарихы, авторлары мен мәртебесі туралы айтылды. Викторина өткізіліп, рәміздер мен оны қолдануға қатысты заң түсіндірілді. Патриоттық, тәрбиелік бағытта фильм көрсетіліп, студент жастар өзара пікір алмасты.
Арыстанбек Нұрақын, студент:
- Әлихан Бөкейхан атамыз «Қазаққа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп айтып кеткен. Осы қасиетімізді шыңдап, сағынышымызды басып, рәміздерді көру арқылы Қазақстанымызды еске алып, рухымызды оятып, сағынышымызды, мауқымызды басып қаламыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мемлекеттік рәміздер #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz