RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ-тың әскери нысандарын атқылады

04.06.2026, 20:40 32

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарын зымыран және дронмен атқылады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап, "Рейтер" агенттігі хабарлады.

Ислам төңкерісінің сақшылар корпусы Бахрейндегі америкалық "Бесінші флоттың" бас орталығы мен әуе базасына соққы берген. Олар мұны АҚШ-тың "Кешм" аралына жасаған шабуылына қарымта жауап деп түсіндірді. Одан бөлек Құрама Штаттар Ормуз бұғазында Тегеранға тиесілі мұнай танкерін бомбалаған. Иран да қарап қалмай, АҚШ пен Израильге қарасты кемені талқандады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz