Германияда бункерлер саудасы қызып тұр. Бұған әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қарулы қақтығыстар себеп болған.
Мамандар бұл құрылғылар негізінен қазіргі уақытта белгілі барлық биологиялық және химиялық шабуылдардан, сонымен қатар радиоактивті жауын-шашыннан қорғай алады дейді. Бункерлердің бағасы 40 мың доллардан бастап, 116 мың долларға дейін жетеді. Ақша салынатын құрылыстың аумағы мен күрделілігіне байланысты. Бункерлер екі қабатты төсектер, азық-түлік қоры, су және электр қуаты өшкен жағдайда қолмен басқарылатын желдету жүйесімен жабдықталған. Германияның Азаматтық қорғаныс жөніндегі федералды басқармасының мәліметі бойынша, елде қазір шамамен 477 мың адамды орналастыра алатын 579 бункер бар. Мамандар бұл әлі жеткіліксіз дейді. Өйткені Германия халқының саны қазір 83 миллионнан асады.
Питер Аурнхаммер, кәсіпкер:
- Бункерлердің есіктері брондалған. Қалыңдығы 20 сантиметрлік темірбетоннан жасалған. Жарылыс қысым толқындарынан қорғайтын арнаулы желдеткіштер де орнатылған. Кейбір тұрғындар бл бункерлерді балалары үшін алып қойып жатыр. Өйткені Германияда 20-30, тіпті 100 жыл бұрын не болатынын ешкім білмейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Германия #бункерлер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz