Куба 6 маусымнан бастап Visa және Mastercard карталарын жабады. Бұл туралы елдің Орталық банкі хабарлаған. Билік бұған АҚШ-ты кінәлайды.
Өйткені Вашингтон "Бостандық аралына" салынған санкцияларды бұрынғыдан да күшейткен. Ақ үй осының алдында ғана әскери құрылымдардың мүддесі үшін қаржылық операциялар жасады деген айыппен Кубаның "Бизнес басқару тобына" қарсы шектеулер енгізді. Бірақ Гавана бұл айыптауды жоққа шығарады және аталған компания ұлттық экономиканы дамытуға үлес қосып жатыр деп есептейді. Жаңа санкциялар салынғаннан кейін бірнеше шетелдік компания Кубадан кеткен. Олардың арасында әуе компаниялары, қонақ үй желілері мен кеме операторлары бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Куба #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz