АҚШ-та ірі қара шаруашылығына паразит шыбыннан қауіп төнді. Құрама Штаттардың Ауыл шаруашылығы министрлігі Техас штатында бұзаудан жәндіктің дернәсілдері табылғанын айтып, дабыл қақты.
Кейінгі 60 жылда Америкада мұндай жағдай болған емес. Қазір Құрама Штаттарда ірі қара малдың басы рекордтық төмен көрсеткішке дейін түскен. Егер паразит тарайтын болса, мал қырылып, ет бағасы қымбаттайды, - дейді мамандар. Сарапшылар шығын көлемі 1,8 млрд долларға жетуі мүмкін дейді. Ветеринарлар бұл паразит адам мен үй жануарларына да жұғатынын ескертті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #мал шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz