Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Президенті Владимир Путин атына ашық хат жолдап, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «24KZ».
Құжат Украина президентінің ресми сайтында жарияланды. Зеленский хатында Путинге жеке кездесу өткізіп, соғысты аяқтау мәселесін талқылау үшін нақты күн белгілеуді ұсынған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ-тың назары негізінен Таяу Шығыстағы жағдайға ауғандықтан, соғысты аяқтау жолдарын қарастыру қажет.
«Таңдау қазір сіздің қолыңызда. Соғысқа нүкте қоятын уақыт келді. Украина бұл соғысты аяқтауды ұсынады. Мұны адал әрі лайықты түрде жүзеге асырып, қақтығыстардың алдын алу керек», деп жазды Украина басшысы.
Зеленский майдан шебі дипломатиялық келіссөздердің бастау нүктесіне айналуға тиіс екенін айтып, Украина келіссөздер кезеңінде атысты уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол кездесуді өткізуге дайын елдердің қатарында Швейцария, Түркия және Араб елдері бар екенін атап өтті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Зеленский #Путин #ашық хат #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz