Оман жарылыстан кейін Мина-әл-Фахаль терминалында мұнай құюды тоқтатты. Бұл туралы «Рейтер» хабарлады.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс дрондар шабуылымен байланысты болуы мүмкін. Әзірге ресми ақпарат жоқ. LSEG сараптамалық орталығы терминалда бірнеше супертанкердің барын айтады. Оман шығанағындағы жағдай кейінгі кездері қатты ушығып тұр. Осының алдында Иран ақпарат құралдары аталған аймақта АҚШ-тың әскери кемесіне шабуыл жасағанын жарияланған болатын. Алайда Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы мұны жоққа шығарды.
Тегтер #Оман #мұнай #жарылыс #ДрондарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz