АҚШ Үкіметі көмір энергетикасын жандандыруға 700 миллион доллар бөледі.
Бұл жалпы отын бағасын төмендетіп, американдықтардың шығындарын қысқартуға көмектеседі. Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Қаражаттың басым бөлігі қолданыстағы көмір станцияларын жаңартуға және олардың жұмыс мерзімін ұзартуға бағытталады. Қалған қаржы Калифорнияда экспорттық терминал салуға, сондай-ақ Батыс Вирджиния мен Аляска штаттарында екі жаңа жылу электр орталығын тұрғызуға жұмсалады. АҚШ-та мұндай нысандар 2013 жылдан бері салынбаған.
Тегтер #АҚШ #көмір #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz