Конго Демократиялық Республикасындағы Буниа қаласының әуежайы жұмысын қайта бастады.
Эбола індетінің өршуіне байланысты әуежай 10 күнге жабылып, медициналық және гуманитарлық мақсатта ғана жұмыс істеген еді. Дегенмен жолаушылар үшін санитарлық талаптар күшін жойған жоқ. Ұшар алдында азаматтардың дене қызуы өлшенеді. Ауру белгілері байқалған жолаушылар рейске жіберілмейді.
Тегтер #Конго #әуежай #ЭболаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz