Газа секторындағы босқындар лагеріне жасалған соққы салдарынан кемінде жеті адам қаза тапты.
Құрбандар арасында екі әйел мен бір бала бар. Жергілікті денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, тағы 15 адам жараланған. Билік өкілдерінің хабарлауынша дрон арқылы босқындарға арналған «Джавазат» шатырлы лагеріне соққы берген. Зардап шеккендер Дейр әл-Балах қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль қорғаныс әскері шабуыл жасағанын мойындап, соққы содырларға бағытталғанын айтқан.
Тегтер #Газа секторы #Израиль #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz