Ел бойынша екі мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысып жатыр.
Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа парламент құрамы жасақталуы тиіс. Кейін заң шығарушы орган елдің премьер-министрін анықтап, үкімет қайта құрылымдалады. Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижелері қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясын қолдаушылар басымдыққа ие екенін көрсеткен. Сарапшылар оның партиясы шамамен 30 пайыз дауыс жинауы мүмкін деп болжайды.
Тегтер #Армения #парламент #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz