RU
Толық нұсқаға өту

Иран Израильді атқылады

08.06.2026, 07:09 50

Иран Израильді зымыранмен атқылады.

Бірнеше ауданда дабыл қағылды.

Ресми Тегеран Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуылды жалғастырған жағдайда ауыр соққылар жасайтынын ескерткенін айтады. Иран бұл жолы Израильдің солтүстігіндегі бірнеше әскери нысанды шабуылдаған. Бұл бейбіт бітім жарияланғалы Иран жасаған алғашқы соққылар. Израиль елдегі барлық сабақты тоқтатуға мәжбүр. Далада 500, ғимарат ішінде 200 адамға дейін жиналуға тыйым салынды.

Эфи Дефрин, Израиль әскерінің өкілі:

"Біраз уақыт бұрын Иранның террорлық режимі Израиль мемлекетінің аумағын зымыранмен атқылады. Біз бұған дайын болдық. Иран үлкен қателік жасады. Біз олардың үстем болуына жол бермейміз. Израиль әскері бүкіл Ливан аумағындағы операцияны жалғастыра береді".

Ирандықтар өз армиясын қолдап көшеге шықты

Иран халқы өз әскерлерінің зымыран шабуылдарын қолдайды. Халық ел астанасы Тегеран мен басқа аймақтарда көшеге шығып кеткен. Тұрғындар Иран мен Хезболланың туларын желбіретіп, көсемінің суретін ұстап, Иран әскеріне қолдау көрсетіп жатыр. Тегеран бұл орайда АҚШ-пен арадағы кез келген бейбітшілік келісімі Ливандағы жағдайға байланысты екенін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz