АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында өткен дәстүрлі фестиваль кезінде атыс болып, 12 адам жарақат алды.
Полиция мәліметіне қарағанда, оқиға екі қарулы адамның бір-біріне оқ атуынан басталған. Зардап шеккендердің жасы 14 пен 61 аралығында. Олардың екеуі ауыр хәлде жатыр. Оқиға кезінде фестиваль аумағында жүздеген адам болған. Күдіктілер әлі ұсталмады. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Джозеф Хеффернан, Толедо полициясы бастығының орынбасары:
- Осындай жағдайдың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастырған едік. Алайда соған қарамастан оқыс оқиға тіркеліп отыр. Болған жайтты жан жақты тергейміз. Кімнің жауапты екенін және олардың қандай себеппен мұндай қадамға барғанын анықтаймыз”.
Тегтер #Огайо штаты #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz