RU
Толық нұсқаға өту

Пашинянның партиясы сайлауда жеңіп шықты

08.06.2026, 11:38 36

Армениядағы парламент сайлауында премьер-министр Никол Пашиняннің партиясы көш бастап тұр.

Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 94 пайызын есептеп, Пашинян басқаратын "Азаматтық келісім-шарт" партиясы 50,07 пайыз дауыс жинағанын хабарлады. Оппозициялық "Мықты Армения" альянсының еншісіне 23,35 пайыз дауыс бұйырған. Тағы бір оппозициялық "Армения" блогында 9,96 пайыз дауыс бар. Армения парламенті 105 депутаттан тұрады. 4 мандат езидтер, орыстар, күрдтер және ассириялықтар сияқты азшылық топтарға беріледі. Пашиняннің өзі жеңіске жеткенін жариялап үлгерді. Жалпы сайлауға 18 саяси күш қатысқан.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

"Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде "Азаматттық келісім-шарт" партиясы жеңіске жетті және үкіметті жасақтайды".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz