RU
Толық нұсқаға өту
Фото: European Union

Қауіпті індет қайта өршіді: Еуроодақ Конгоға шұғыл көмек жіберді

08.06.2026, 11:43 33

Еуроодақ European Union Конгоға қауіпті вирустық ауру  Эбола індетінің  таралуына қарсы күрес үшін шамамен 100 тонна шұғыл  гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды «24KZ». 

Көмек құрамында дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар, шатырлар және медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдары бар. 
Ауру әсіресе Конгоның шығысындағы Ituri Province аймағында таралған. World Health Organization дерегіне сәйкес, елде 452 адамнан инфекция анықталып, оның 82-сі қайтыс болған. Жеткізу аймақтағы күрделі логистикалық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Аймақтағы жолдардың нашарлығы мен қарулы топтардың белсенділігі дәрігерлер мен гуманитарлық ұйымдардың жұмысына кедергі келтіріп отыр. Сондықтан көмек арнайы гуманитарлық әуе рейстері арқылы жеткізілген.

Сондай-ақ  ДДСҰ (World Health Organization) мен  Африка аурурапды бақылау орталықтары Africa Centres for Disease Control and Prevention індеттің таралуын тоқтату үшін алты айлық арнайы жоспарын іске қосқан. Ол ауруды бақылауды күшейту, зертханалық тексерулер жүргізу және алдын алу шараларын қамтиды.

Еске салайық,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола індетінің өршуіне халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz