RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде вакциналау қарқыны бәсеңдеді

08.06.2026, 16:39 37

Кейінгі жарты ғасырда әлем бойынша вакцинаның арқасында 150 миллионнан астам адам аман қалды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп хабарлады. Алайда бір өкініштісі соңғы жылдары екпе салу қарқыны бәсеңдеп жатыр. 

Әлемде балалар арасында вакциналау қарқыны баяулап қалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ осылай деп дабыл қақты. Олардың мәліметі бойынша, екпе жыл сайын шамамен 4 миллион 400 мың баланың өмірін сақтап қалады. Былтыр вакцинаның бір дозасын 115 жеткіншек салдырған. Алайда 20 миллионға жуығы екпеден қалыс қалды. Бұл коронавирусқа дейінгі көрсеткіштен 1 жарым миллионға көп. Сарапшылар әлем 2030 жылға дейін алуға тиіс межеден көп қалыс қалғанын айтады. 

Суданда 800 мың бала екпе ала алмайды

Балаларды вакциналауға қатысты ең ауыр жағдай Суданда қалыптасып отыр. Ресми мәлімет бойынша, бұл елдегі балалардың 48 пайызы ғана алғашқы міндетті екпені салдырған. Азаматтық соғыс басталғанған дейін аталған көрсеткіш 90 пайыздан асатын. Кейінгі жылдары денсаулық сақтау жүйесі біржола күйреді. Жүздеген медицина мекемесі жабылды. Суданда жыл сайын 800 мыңнан астам бала вакцина алмайды. Мамандар елде тырысқақ, полиомиелит және басқа жұқпалы аурулар тарауы мүмкін деп ескертеді. 

Йеменде екпе алмайтын бала көбейді

Көп жылдан бері қарулы қақтығыстан көз ашпай келе жатқан Йеменде әр 25-ші бала 5 жасқа толмай өмірден өтеді. Бұл ЮНИСЕФ мәліметі. Көптеген бала медицина бойынша міндеттелген вакцинаны алмайды. Осының кесірінен жеткіншектер арасында қызылша, тырысқақ пен полиомиелит кеңінен таралған. Йеменге халықаралық гуманитарлық көмек жеткізу мүлде мүмкін емес. Дәрі-дәрмек тапты, медициналық қызмет көрсету деңгей өте төмен. 

Авторы: Ернат Рахметолла

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz