ХАМАС Мысыр астанасы Каирде кездесу өткізіп жатыр.
Қозғалыс өкілі Хазем Қассемнің мәлімдеуінше, Мысыр, Қатар және Түркиядан келіссөз жүргізуші топтар келген. Басқосу мақсаты – Газа секторындағы бейбіт бітім шарттарын талқылау. ХАМАС палестиналықтарға қарсы геноцидты тоқтату және гуманитарлық ережелерді толық орындауды талап етіп отыр. Израиль билігі мен ХАМАС қозғалысы былтыр қазанда атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Алайда «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Тель-Авив оқ атпау режимін қайта-қайта бұзып, палестиналықтарға шабуылын жалғастырып жатыр.
Тегтер #ХАМАС #Мысыр #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz