Иран мен Израиль шабуылды тоқтатты. Бұған дейін Израиль Бейрут маңын шабуылдауына байланысты Иран Тел-Авивке зымырандар атқан еді.
Тел-Авив өз шабуылын “Хезболла” нысандарына соққы жасадық деп ақталған. Сөйтіп екі елдің арасында соғыс қайта басталып кете жаздады. Рейтердің мәліметіне қарағанда, қақтығыстың тоқтауына АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуі әсер еткен. Вашингтон тараптарды бұған дейін жүріп жатқан келіссөздерді жалғастыруға шақырған болатын. Осыдан соң Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әзірге Иранға қарсы соққы жасалмайтынын айтты. Бұл орайда Иран, Израиль, Ливанға шабуылды тоқтатса біз де тынышпыз деп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #Израиль #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz