Таяу Шығыстағы жағдай қайта ушықты.
Ормуз бұғазы маңында бақылауда жүрген америкалық тікұшақты атып түсірді деген айыппен АҚШ Иран аумағындағы нысандарға соққы жасады. Тасним агенттігінің мәліметі бойынша, Кешм аралы, Сирик порты және Бандар-Аббас маңында жарылыс дыбысы естілген. Тегеран бұл айыпты жоққа шығарып, кейінгі тәулікте бұғазда ешқандай соққы жасамағанын мәлімдеді. Елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кез келген шабуыл жауапсыз қалмайтынын ескертті.
Тегтер #Таяу Шығыс #АҚШ #Иран #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz