Футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына орай ертең Мексикада демалыс жарияланды.
Барлық мекемелер қашықтан жұмыс істейді. Ал Мехико қаласындағы білім беру ұйымдарында сабақтар уақытша тоқтатылады. Мексика президенті Клаудия Шейнбаум елде тәртіпсіздік болып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарып, ықтимал наразылық акцияларының тек бейбіт түрде өтуі тиіс екенін алға тартты. Әлем чемпионаты әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді. Жергілікті құрама шаршы алаңда Оңтүстік Африка құрамасымен кездеседі.
Тегтер #футбол #Мексика #демалыс #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz