Еуроодақ Ресейге жаңа санкциялардың кезекті 21-ші легін салуды ұсынды.
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен «Шектеулер энергетика, қаржы, сауда және балық аулау салаларын қамтиды» деп нақтылаған. Қаржы секторы бойынша ресейлік 31 банкпен операция жасауға тыйым салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар санкцияларды айналып өтуге астыртын көмектесіп жүрген үшінші елдердегі қаржы мекемелері, криптокомпаниялар мен басқа құрылымдар «қара тізімге» енуі мүмкін. Импорт шектеуі жалпы құны 60 миллион еуроны құрайтын Ресей тауарларын қамтымақ. Олардың арасында әртүрлі металдар, автобөлшектер мен балық өнімі бар. Жеке тұлғалардан Украинамен қақтығыс басталғаннан кейін Ресей әскерінде қызмет еткендерге виза беруге тыйым салынады. Бұл ұсыныстарды енді Еуроодаққа мүше мемлекеттер қарастырып, өзара келісуі керек.
Тегтер #ЕО #Ресей #жаңа санкцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz