Ұлыбританияның билеуші Лейбористік партиясы америкалық миллиардер Илон Маскты Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында болған тәртіпсіздіктерді ушықтырды деп айыптады, деп хабарлайды «24KZ» DPA Іnternational агенттігіне сілтеме жасап.
Белфастта болған пышақ шабуылынан кейін әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылған наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Көліктер мен ғимараттар өртеліп, кейбір тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Оқиғаға байланысты Суданның 30 жастағы азаматына адам өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Ол сот алдына шығарылады.
Лейбористік партияның төрайымы Анна Турли әлеуметтік желілердегі арандатушылық жазбалар жағдайдың ушығуына әсер еткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Илон Маск сияқты ықпалды тұлғалар қоғамдағы шиеленісті күшейтпеуі керек.
Маск өз парақшасында наразылық акциялары өтуі мүмкін орындардың тізімін бөліскен. Сондай-ақ ол иммиграцияға қарсы көзқарасымен танымал саясаткерлер мен белсенділердің жазбаларын қайта жариялаған.
Солтүстік Ирландияның әділет министрі Наоми Лонг та әлеуметтік желілердегі арандатушыларды сынға алып, олардың қоғамдағы қорқыныш пен ашуды өз мақсаттарына пайдаланып отырғанын айтты.
Оның сөзінше, адамдарды нәсіліне немесе шыққан тегіне бола үйлерінен қууға ешқандай ақтау жоқ және мұндай әрекеттердің барлығы нәсілшілдік болып саналады.
Ұлыбритания саясаткерлері әлеуметтік желілердегі алгоритмдер экстремистік мазмұнның таралуын күшейтіп отырғанын айтып, платформаларды жауапкершілікті арттыруға шақырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ұлыбритания #Илон Маск #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz