Германия алтыншы буынның еуропалық атқыш ұшағын жасайды. Осы мақсатта немістің 8 қорғаныс кәсіпорны бірігіп, Team Gen 6 атты өнеркәсіптік альянс құрған.
La Tribune басылымының мәліметі бойынша, "кәрі құрлық" ортақтасып, осымен екінші рет жаңа үлгідегі соғыс ұшағын жасауға талппынып отыр. Бұған дейін 2017 жылы Германия, Франция және Испания бірлескен жоба бойынша жұмыс бастаған. Бірақ тараптар тіл табыса алмай, бұл іс аяқсыз қалды. Енді жаңа одақ ұрыс қимылдарын жүргізуге арналған озық әуе кешендеріне деген сұранысты қанағаттандыруға барын салмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Германия #ұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz