RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістан Ауғанстанға соққы жасады

10.06.2026, 23:10 33

Пәкістан әскері Ауғанстанның шекара маңындағы аймақтарына әуеден соққы жасады. Тәліптер үкіметінің мәліметінше, шабуылдан кемінде 13 адам қаза тапқан, оның 11-і - бала.

Тағы 14 тұрғын жараланды. Ал Исламабад кемінде 26 содырдың көзін жойдық деп отыр. Рейтер келтірген ақпаратқа сәйкес, Пәкістан өзіне қарсы әрекет ететін қарулы топтарды нысанға алған. Жергілікті билік Кабул шекарадан өтетін содырларға қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Қарсы тарап бұл мәлімдемені жоққа шығарып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz