RU
Толық нұсқаға өту

Ресейде жаңа көліктің үлесі 10%-ға жетпейді

11.06.2026, 07:25 46

Ресейде жүрілген көліктердің қатары биыл 5 пайызға көбейді.

Яғни автопарк ескіре бастаған. Бұл көрсеткіш былтыр 3, алдыңғы жылы 6, ал 2023 жылы 16 пайызға артқан еді. 2022 мен 2026 жылдар арасында зауыттан шыққан жаңа темір тұлпарлардың саны 10 пайызға жетпейді. Тұрғындар жергілікті ЛАДА көлігін көп мінеді. Оның нарықтағы үлесі шамамен 25 пайыз. Екінші орында 10,2 пайызбен жапонның "Тойота"-сы тұр. Үздік ондықта Kia, Hyundai, Nissan, Volkswagen, Chevrolet, Renault, Honda мен Ford компанияларының көліктері бар. Жалпы Ресейде ресми 55 миллионнан аса көлік тіркелген оның 70 пайыздан астамы 10 жыл жолда жүрген.  

Қытайдағы көліктің 31%-ы шетелдік маркалар

Тағы бір көршіміз Қытайда 366 миллион автокөлік бар. Тұтынушы көп болғанмен, бәсеке де күшті. Көлікті ескіре бастаса жаңасына айырбастайтындар да аз емес. Былтыр қытайлар жүрілген 7 миллионға жуық темір тұлпарын қайта өңдеуге өткізді. Жаңадан сатып алынған көліктердің жартысынан астамы гибрид немесе тоқпен жүреді. Бірақ өндірісі өркендеген Қытай тек өз көліктерін ғана мінбейді. Жергілікті ақпарат көздерінің дерегі бойынша қазір, мұндағы жеңіл көліктердің 69 пайызы отандық, қалған 31 пайызы шетелден жеткізілген. 

Еуроодақта көліктің 73%-ы отандық өнім

27 елді біріктіріп отырған ЕуроОдақта автокөлік саны 248 миллионнан асады. Көбі 14 жыл мінілген. Бұл аймақта жылына орташа есеппен 10 миллион 800 мың жаңа темір тұлпар сатып алынады. Еуроодақтағы барлық көліктің 73 пайызы – отандық өнім. Қалған 27 пайызы шетелден импортталады. Олардың 11 пайызы Жапония, 8 пайызы Қытай, 6 пайызы Оңтүстік Корея және 3 пайызы АҚШ көліктері.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz