Қытайдың оңтүстігіндегі Синьань округінде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Тағы 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ» China Daily-ге сілтеме жасап.
Жарылыс бүгін таңертең Линсян көшесінде болған. Оқиға орнына Гуйлин мен Синьань округінің билік өкілдері, сондай-ақ полиция, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келді.
Полиция жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа газдың қатысы жоқ.
Барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп жоқ. Кейбіреулерге сол жерде көмек көрсетілді.
Билік қай нысан жарылыстың эпицентріне айналғанын әлі нақтылаған жоқ. Jimu News-тың хабарлауынша, Линсян көшесі округтің орталық бөлігінде орналасқан. Жергілікті тұрғындардың бірі басылымға түнде екі қатты жарылыс естігенін, содан кейін бүкіл көшеде бірнеше үйдің терезелері сынғанын айтты.
Жақын жерде балабақша, электромобильдерді зарядтау станциясы және тұрғын үй кешендері орналасқан.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қытай #жарылыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz