Бейнежазбаны жариялаған «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, олар Оман жағасындағы Шинас портына жақын маңда шабуылға ұшыраған кемеде болған.
Осының алдында аталған үш азамат із-түссіз жоғалды деп хабарланған еді. Енді Үндістан үкіметі олардың қайтыс болғанын растап отыр. Жалпы кемеде 24 үндістандық болған. 21-і құтқарылған. Үнді билігі америкалық дипломат Джейсон Миксті Сыртқы істер министрлігіне шақырып, наразылық нотасын тапсырды. Вашингтон да соққы жасағанын растаған. Құрбандардың Үндістандағы отбасылары жоқтап жатыр.
Тегтер #Үндістан #АҚШ #әуе соққысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz