ОПЕК елдерінде мұнай өндірісі құлдырауға жақын. Мамырда өндіріс көлемі өткен аймен салыстырғанда тәулігіне 1 миллион баррельге қысқарған.
Бұл – кейінгі 26 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар жағдайды АҚШ-тың теңіз блокадасымен байланыстырып отыр. Қазір Ормуз бұғазының жабылуы Парсы шығанағынан өтетін мұнай экспортын тұсаулап тастады. Енді ұйымға мүше елдер арасында, әсіресе Иранда жағдай қиын. Сауд Арабиясында да шикізат тапшылығы байқалып отыр. Бұл тұста Венесуэла, Нигерия және Ирак мұнай өндірісін ұлғайтты.
Тегтер #ОПЕК #мұнай #өндірісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz