RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Әлемдегі алғашқы триллионер: байлық бойынша жаңа рекордты кім орнатты?

12.06.2026, 09:29 65

Америкалық кәсіпкер Илон Маск ресми түрде әлем тарихындағы алғашқы триллионер атанды. Бұған оның SpaceX ғарыш компаниясының Nasdaq биржасындағы сәтті IPO-сы (алғашқы жария акция орналастыруы) себеп болды, деп хабарлайды «24KZ».

Reuters агенттігінің хабарлауынша, SpaceX IPO барысында рекордтық 75 миллиард доллар инвестиция тартты. Осы мәміледен кейін компанияның нарықтық құны 1,77 триллион долларға жетіп, Масктың жеке капиталы 1,1 триллион доллардан асты.

Forbes дерегіне сәйкес, бұл оқиғаға дейін кәсіпкердің байлығы шамамен 782 миллиард долларды құраған. Қазіргі таңда оның активтерінің негізгі бөлігі SpaceX пен Tesla компанияларындағы үлесіне тиесілі. Сонымен қатар Маск X (бұрынғы Twitter), Neuralink және xAI жобаларының иесі.

Сарапшылардың пікірінше, инвесторлардың жасанды интеллект, ғарыш технологиялары және электромобильдер саласына деген жоғары сенімі Масктың әлемдегі ең бай адам ретіндегі көшбасшылығын одан әрі нығайтты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz