АҚШ әскері Иран мұнайын тиеген үшінші танкерді ұстады. Бұл кейінгі аптада Оман шығанағында қолға түскен үшінші кеме.
Бұл туралы АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Гвинея-Бисау туын желбіреткен танкер америка сарбаздарының бірнеше рет айтқан талабына құлақ аспаған. Экипаж тыңдамаған соң оларға қарсы 2 зымыран атылды. Бұған дейін АҚШ-тың бір кемеге жасаған әуе шабуылынан 3 үндістан азаматы қаза тапқан болатын. Вашингтон Иран теңіз айлақтарынан шыққан кемелерге қарсы тосқауыл операциясын 13 сәуірде енгізді. Содан бері 9 коммерциялық танкер ұсталып, 130-ден астам кеменің бағыты күшпен өзгертілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz