Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль түрмедегі мерзіміне тағы 30 жыл қосып алды.
Сеулдің Орталық округтік соты оған "қарсыласқа көмектесті және қызметін асыра пайдаланды" деген жаңа айыптар таққан. Яғни бұрынғы мемлекет басшысы Солтүстік Кореяға дрондар жіберген. Тергеу мәліметінше, мұның мақсаты шекарадағы жағдайды қасақана ушықтыру болған. Осының нәтижесінде елде 2024 жылдың желтоқсанында төтенше жағдай жариялануы керек еді. Экс-президентпен бірге оны жақтастары да сот алдында жауап берді. Бұрынғы Қорғаныс министрі де 30 жылға, Әскери барлау қызметінің басшысы 15 жылға сотталған. Естеріңізге сала кетейік, Юн Сок Ёль бұған дейінгі қылмыстары үшін онсыз да өмірбақи түрмеде отыру жазасына кесілген еді.
Тегтер #корея #экс президент #сотталу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz