Пәкістанда күн күйіп тұр.
Елдің солтүстік-батысындағы бірқатар қалада термометр бағаны 50 градусқа жетті. Бұл туралы жергілікті ұлттық метеорология қызметіне сілтеме жасаған Рейтер агенттігі хабарлады. Ең жоғары температура Шахид Беназиробод пен Даду қалаларында тіркелді. Билік тұрғындарға өте сақ болуға шақырады. Әсіресе қарттар, балалар мен жүкті әйелдерге аптап ыстықта абай болу керек. Дәрігерлер үйден шықпауға, суды көп ішуге кеңес береді. Ал сыртта жүрген жағдайда бас киім киген абзал.
Тегтер #Пәкістан #ауа райы #ыстық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz