RU
Толық нұсқаға өту

Ірі автокомпания көліктерін қайтарып жатыр

12.06.2026, 20:19 32

Honda компаниясы АҚШ-тағы 800 мыңнан астам көлігін кері қайтарып жатыр.

Бұған артқы аспа жүйесіндегі ақау себеп. Мамандардың айтуынша, бұл көлікті басқаруды қиындатып, жол апатына әкелуі мүмкін. Сондықтан компания көлік иелеріне техникалық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда ақауы бар бөлшектерді жөндеуді немесе ауыстыруды ұсынды. Жапон автоөндіруші осымен екінші ірі рет көліктерін кері қайтарып жатыр. Сәуір айында Honda бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіндегі ақауға байланысты АҚШ-тағы 440 мың көлігін жөндеуге жіберген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz